Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Түркістан облысына барды

Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Арыс қаласы мен Ордабасы ауданындағы бірқатар учаскелік референдум комиссиясының жұмысымен танысты. Бесінші маусымда өтетін маңызды шараны ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін талқылады. Комиссия мүшелерімен жүздесіп, ондағы жұмыс барысын көрді. Бүгінде халық тығыз орналасқан өңірде мыңға жуық референдум өткізетін учаске бар. Оның 18-і аумақтық, облыстық, қалалық және аудандық саналады.  Референдум күні 6300-ден астам комиссия мүшесі бюллетень қабылдайды. Комиссия төрағасы осы сапарында көптеген сауалдарға жауап беріп, алдын ала дайындықты тағы бір рет пысықтады.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

- Біздің сайлау комиссияның басшылары мен мүшелері 14 өңірге шықты. Негізгі мақсат учаскелердің дайындық барысын тексеру, бізде 10 мыңнан астам учаскелік комиссия бар ел бойынша. Сол комиссия құрамында 70 мыңнан астам азамат жұмыс істеп жатыр. Тәжірибелері бар. Оқыту жүргіздік. Комиссия мүшелерінің қолдарында арнайы сертификаты бар. Түркістан облысындағы және Арыс қаласындағы учаскелердің дайындығы жақсы деңгейде.