476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

10 жасар қызын жартылай жалаңаш фотоға түсірген әйел сотталды

  • 444
  • UPD: 22:26, 23.05.2022

Ақтөбеде 10 жастағы қыз баланы жартылай жалаңаш күйде суретке түсірген анасы мен ер адамға сот жаза кесті.

Сөйтіп, бірі 9, екіншісі 7 жылға сотталды. Жалпы бұл жайт 2 жыл бұрын болған. Суретті қыздың әкесі көріп, бұрынғы әйелінің үстінен шағым түсірген. Кейін онымен бірге тұратын ер адамның да бұл іске қатысы бары анықталды. 

Гүлжанар Отарбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы