470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы-Өскемен айналма жолы ертеңге дейін салынады

  • 127
  • UPD: 21:39, 23.05.2022
Алматы-Өскемен айналма жолы ертеңге дейін салынады

Алматы-Өскемен тас жолының су бұзып кеткен бөлігін жөндеуге кемі 1 ай уақыт керек.

Енді көліктер қаңтарылып қалмас үшін айналма жол салынады. Бұл айналма жол сәтін салса, таңертеңге дейін дайын болады. Қазір онда 16 техника мен 20 маман жұмыс істеп жатыр. Көлік қозғалысы уақытша осы жол арқылы жүзеге асады. Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымында болған кешегі оқиға жол құрылысы барысында бірқатар кемшілік барын көрсетті. Енді жоласты бетон құбырлардың су өткізу мөлшерін бірнеше есеге дейін арттыруға тура келеді.  

Нұрхат Ақылтаев, «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Енді ол жұмысты жасау үшін қазір негізінде бір айдың көлемінде уақыт кетеді. Сол себепті біз енді бір ай күтетін уақыт жоқ. Сол себепті біз жаңағы уақытша жолдың ғана құрылыстарын жасап жатырмыз. Одан кейін жаңа жолдың жұмысына кірісеміз. Осы бір тәуліктің ішінде жол қозғалысын ашамыз деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы