Ақтөбелік оқушылар төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді меңгерді

Облыс аудандары мен қаладан жиналған 120 жасөспірім табиғи және техногендік сипаттағы ахуалға дайын болуды үйренеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзара 14 командаға бөлінген олар құтқару жұмыстарының 6 түрі бойынша жарысқа түсті. Оның арасында алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру мен су айдындарында іздестіру бар. 

Нұрлыбек Жалмағамбетов, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлім басшысы:

- Өткізілген іс-шарадан жас құтқарушылар өзіне қажетті өрт болған жағдайда және табиғи, техногенді төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керек, сол дағдыларды үйренеді деген мақсатта өткізіліп жатыр. Бұл іс-шара жыл сайын біздің облысымызда өткізіледі және биыл үлкен масштабта өткізіп жатырмыз.