Жамбыл облысында шенеунік 300 млн теңге тұратын мемлекет мүлкін туыстарына таратып жіберген

Жамбыл облысында шенеунік шамамен 300 млн теңге тұратын мемлекет мүлкін туыстарына таратып жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының» бұрынғы директорының ісі. Тек қылмыс 18 жылдан соң әшкере болып отыр. Күдікті мекеме басшысы болып тұрғанда, өз лауазымын асыра пайдаланып, мемлекет меншігіндегі 4 ғимарат пен жер телімін туыстарының атына ешбір өтеусіз беру туралы заңсыз бұйрық шығарған. Тіпті кейін қайта өз атына аударып, бірқатарын сатып жіберген. Облыс прокурорлары жыл басынан бері жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын мемлекеттік мүлікке қол сұғу деректерін анықтады. 

Сержан Әбдіқұлов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

189-бабының 4-ші және 2-ші тармағымен кінәлі деп танылып 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі қазіргі таңда күшіне енген жоқ. Ал прокуратура қызметкерлері аталған объектьілерді қайтару үшін сотқа талап-арыз беріліп ол сотпен қанағаттандырылып мемлекетке мүліктер қайтарылды.