ШҚО-да мал жаятын өріс тар

ШҚО-да өріс тар

Қарамырза ауылының тұрғыны Лилия Клёцтің малы соншалықты көп емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ соның өзін жаятын жер жоқ. Малымыз біресе шабындыққа түсіп, біресе орман алқабына кіріп кетеді», - дейді ол.

Лилия Клёц, Қарамырза ауылының тұрғыны:

– Жайылым тапшылығы тек бізде ғана емес, барлық ауылдарда бар. Былай жайсаң – шабындық, былай өргізсең, қарағайлы орман. Ал орманға мал айдауға қатаң тыйым салынған. Сонда біз төрт түлікті қайда жаямыз? 

Башкөл ауылының тұрғындары да жайылымнан қатты таршылық көріп отыр. Олардың айтуынша, елді мекен іргесінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің бәрін ірі қожалықтар иеменденіп алған.  

Нұрлан Хауменов, Башкөл ауылының тұрғыны:

– Малды осы акиматтың жерінде бағылады, бақташылар бағады. Жерлер жетпейді былай, арғы жаққа кіріп кетеді көрші ауылға. Бақырып жатады «Кіргізбеңдер!», - деп. СКЛ. Енді мал жыл сайын көбейіп келеді.

Ал әкімдіктегілер жердің барлығына жеткілікті екенін айтып отыр. Жергілікті билік өкілдерінің пайымдауынша, тұрғындар ауылдан алысатағысы келмейді. Аудан бойынша 600 мың гектардан астам жайылымдық жер болса, соның 34%-і бос жатыр.

Валерий Калиновский, Бесқарағай аудандық Жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Елді мекендер дамып, мал басы жылдан жылға өсіп келеді. Сол себепті аздаған жайылым тапшылығы туындап отыр. Бірақ бұл шешілетін мәселе. Мысалы біз тыңайтуға арналған алқаптарды жайылымға бердік. Сол арқылы бұл мақсатқа арналған жер көлемі 1800 гектарға ұлғайды.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтарып, оны тұрғындардың иелігіне беру мақсатымен мониторинг ұйымдастыра бастаған. Бір ғана Бесқарағай ауданында 500-ге тарта шаруашылық қожалығы бар екенін де айта кетейік...

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Әсем Өтешева, Медет Өмірханов