Жүз миллионға салынған жолдың сапасы сын көтермейді

100 миллион теңгеден астам ақшаға осындай жол салынады десе, сенбес едім,- дейді Алғабас ауылының тұрғыны – Тоқтамыс  Тұрсынов. Тіпті жолдың қазіргі түрін көріп, бұрынғысы жақсырақ па еді деп налиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоқтамыс Тұрсынов, Алғабас ауылының тұрғыны:

Жас баланың  миы сияқты ғой былқ былқ етіп жатыр. Жолымыздың сиқы осы, ойдым ойдым жүре алмаймыз, техникамыз  сынады, запчасть қымбат.

Баланың еңбегіндей былқылдаған жол жүргізушілердің жүйкесін де, көлігін де тоздырды. 

Әсет Мұхтаров, Алғабас ауылының тұрғыны:

Әне әне жүре алмай келе жатыр аласа машиндер жүру өте қиын, машиндерге міне көріп тұрсыздар.

Бақытбек Қалиев, Алғабас ауылының тұрғыны:

Мынау, міне, қалыңдығы былтыр проба алғанда да осы қалың шыққан ең қалың жері,  3,5 боп шыққан. Міне мынау қазір ең үлкен жері ғой, 1,5 см, екеуге де толмайды.

Сала басшылары құрылысшылардан кінә жоқ дейді. Олар 120 миллион теңгеге тек 7 шақырымды жөндеуі тиіс екен. Бірақ халыққа көмегіміз болсын деп мердгер тағы 3 шақырымды өз есебінен жөндеген. Жұрттың наразылығын тудырған да осы 3 шақырым.  Дегенмен әкімдік бұл учаскені қайта жөндейтін болды. 

Мақсат Әкрамов, Күршім ауданының ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Үш км жолды қайтадан астына дренаж салып, труба салып су өтетін,  тастан негізін салып содан грунтовать  етіп,  қайта жол салу жоспары бар оған ақша сұрап бюджеттен өтінім беріп қойдық оған кемінде 500 млн ақша керек.

Жалпы ауылды аудан орталығымен қосатын бұл трасса 30 жылда бірінші рет жөнделген. Оның соңы осындай болды. 

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер.Бабаханов

Сондай-ақ...