Орталық референдум комиссиясы дауыс беру науқанына дайындықты пысықтады

Орталық референдум комиссиясының төрағасы аймақтарды аралап, дауыс беру науқанына дайындықты пысықтап жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкентке жұмыс сапарымен барған Нұрлан Әбдіров қалалық комиссия мүшелерімен кездесіп, төрт бірдей дауыс беру учаскесін көрді. Маңызды іс-шараны ұйымдастыру, өткізу мәселелерін талқылады. Шымкентте 2 мың 705 дауыс беру учаскесі бар. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін  55 инватакси әзірленді. Тұрғындардың сұрақтары мен өз учаскесі жайлы ақпаратты call-орталығынан толық білуге болады. Жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласы үлкен саяси референдумды өткізуге 80% дайын.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

– Негізгі мәселе сайлаушылардың тізімін тағы дұрыстап қарау керек біздің әріптестер. Бұл жұмысты да қазір қарқынды істеп жатыр. Негізі менің айтатыным дәл қазір дайындық көрініп тұр.