1000 бала күй тартып, рекорд жасады

Дариға Ташенова, Тілші:

Қайырлы кеш, студия! Иә, бүгін біз физика-математика зияткерлік мектебінде керемет шараның куәсі болдық. Мұнда еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған ең ауқымды домбыра сабағын өткізді. Оған ұстаздың бір мың 32 оқушысы қатысқан. Келушілер балалардың орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» күйлерін тамашалай алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Көрермендермен бірге бұл қойылымды Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері де көрді. 25 стюард пен 2 байқаушы орындаушыларға онлайн форматта бақылау жүргізді. Гиннесс кітабының өкілдері домбырамен күй тартқан қатысушылардың ережені бұзу-бұзбауын қатаң қадағалап отырды.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрағасы

– Біз Гиннесс кітабының өкілдеріне хат жаздық. Ол кісілер хатты қабылдады. Соссын сабақ ретінде өтсін деді. Жалпы осы ұлттық аспаптарда ойнаған ең көп қатысқан 250 деді. Біздің мектепте барлық балал домбырада ойнайтынын айттық. Залды таңдап, әрбір 50 баланы эксперт қадағалап отырды.

Айта кетерлігі, бүгін бір мектептің мыңнан астам оқушысы ұлттық музыкалық аспапта бірге күй орындауы алғаш рет тіркелді. Сол себепті бұл қазақстандық рекорд көрнекті жетістіктер мен бірегей құбылыстар туралы жаһандық анықтамалыққа енгізіледі. Қатысушыларға оны растайтын арнайы сертификат табысталады.

Авторлары: Дариға Ташенова Ерзат Зайытхан