Павлодар тұрғыны бағаны сот арқылы түзетті

2016 жылы бала 6 оқып жүргенде, бір пәннен 4 алған. Кейін бұл баға оның «Алтын белгіге» үміткер болуына кедергі келтірген. Оқушының ата-анасы білім беру органдарына бағаны қайта қарау жөнінде өтініш білдірді. Алайда оң нәтиже болмапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейіннен, сот қарап, баға негізсіз қойылған деген шешім шығарады. Ол кезде оқушы басқа білім беру ошағында оқыған екен. Қазір ҰБТ тапсыруға дайындалып жатыр. Құжаттары реттеліп, «Алтын белгі» алуға үміткерлігі расталды. Мұғалімдердің айтуынша, бала жетінші сыныптан бері үздік нәтижелерге қол жеткізген. Түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы.

Қымбат Қожбаева, Павлодар қаласы №39 мектеп директорының міндетін атқарушы:

2022 жылдың басында үміткерлердің құжаттарын дайындаған кезде, алтыншы сыныпта информатика пәнінен төрт баға болыпты. Содан кейін біз облыстық мектептердің біріне ресми сұраныс жасадық. Ресми сұрасықа жауап бергенде айтты, баланың бағасы өзгертілмейді, себебі қазіргі уақытта мұғалім – зейнеткер, мектеп әкімшілігі ауысқан екен. Қазір біз ол баланың құжаттарын білім беру бөліміне тапсырдық. Қазір бала «Үздік аттаестатқа» емес, «Алтын белгі» үміткері болып отыр.