Алматылық өрт сөндірушілер жазғы маусымға дайындығын пысықтады

Өнеркәсіптік дрондарды да сынап көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше камерамен және тепловизормен жабдықталған бұл құрылғы таудағы өртті барлау үшін таптырмас құрал. Тактикалық жаттығу Іле Алатауы бөктерімен, кіші Алматы өзенінің жағалауында жүргізілді. Өйткені дәл осы жерлерге демалушылар көп келеді. Жалпы «Жалын-2022»  жаттығуына 142 төтенше жағдай қызметкері мен 27 арнайы техника және екі тікұшақ жұмылдырылған.