Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ДДСҰ 75-сессиясына қатысып жатыр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 75-сессиясына қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның барысында министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының орынбасары және халықаралық бірлестіктің алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы бағдарламасының директорымен кездесті.

Тараптар ұлттық және халықаралық деңгейде мүдделерді алға жылжыту бойынша бірге жұмыс істеуге келісті. Ажар Ғиният Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақатау ұйымының еуропалық бюросының директорымен де кездесті. Жиын барысында ол аймақа тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша күш біріктірудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қоса үндістандық әріптесімен және Ресейдің денсаулық сақтау вице-министрімен келіссөздер өткізіп, Денсаулық сақтау қызметін жаппай қамту тобының өкілдерімен кездесті.