Ақтауда «Жасыл ел» жасағында 375 жас еңбек етеді

Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағына тіркеу аяқталды. Келер айдан бастап жасыл желек күтімімен 375 жас айналысады.

Көпшілігі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан. Жастар 5 жұмыс күні бойы 4 сағаттан еңбек етеді. Мөлтек аудандарды абаттандырып, қоқыстан тазартқаны үшін 54 мың теңге айлық алады. Тамыздың ортасына дейін шаһарды көгалдандыруға атсалысады.

Айта кетейік, былтыр жасақ құрамына 300-ден астам жас қабылданған болатын.

Нұрсұлтан Алдоңғаров, "Қоғамдық даму орталығы" директорының орынбасары:

- Әлеуметтік желіге хабарландыру берген болатынбыз. 14 пен 22 жас аралығындағы жастарды ғана қамтимыз. Жоғарғы және кәсіптік білім беру орыны студенттері мен жалпы білім беру мектептерінің оқушылары бар. Олар қоғамдық орындарды тазартуда өз септігін тигізетін болады.