СҚО-да жанында тұрғын үйі бар полиция учаскелік пункті ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында жанында тұрғын үйі бар учаскелік пункт ашылды. Енді Краснознамённое ауылының полиция инспекторы бір жерде тұрып, бір жерде жұмыс істейді. Шалғайдағы елді мекеннің көшелеріне бақылау камералары да орнатылды. Бұл қоғамдық тәртіпке қалай әсер етеді? 

Бақытжан Смайылов Краснознамённое ауылында 2020 жылдан бері учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Бұған дейін үй жалдап тұрған ол, бүгін баспаналы болды. Жұмыс орыны да осы жерде.  

Бақытжан Смайылов, учаскелік полиция инспекторы:

- Үй мен жұмыстың бір жерде болғаны өте бізге тиімді. Өйткені әрдайым біз шақырыс, бір жерде отырмайсыз, бүкіл округ бойынша машинамен жүргеннен кейін жұмыс орнына келгенде ешкімді іздеп керек емес.

Оның округінде 3 ауыл бар. Барып келу үшін учаскелік полиция инспекторына су жаңа қызметтік көлік берілді. Ал пункттің өзі заманауи құрал - жабдықтармен қамтылып, 50 - ге жуық камераға қосылған.  

Майра Жәнібекова, Краснознамённое ауылының тұрғыны:

- Ол жақсы болады. Камера болған өте жақсы болады. Ұрлық, анандай-мынандайдан Құдай сақтасын. Енді болып жатқан жоқ. Біздің участковый әрқашан өзінің жұмысын атқарып жүреді.

Учаскелік пункт құрылысы мен керек-жарағына жергілікті бюджеттен 20 млн теңге бөлінді. Енді оларды әр ауданда ашу жоспарланып отыр.   

Айдын Қабдұлдинов, облыстық ПД бастығы:

- Былтыр 3 учаскелік полиция пункті ашылған болатын. Биылға біз 4 учаскелік полиция пунктін ашып, сондай жоспарымыз бар алдағы уақытта. Енді міне қазір осы учаскелік пунктті ашқаннан бері полиция қызметкеріміз 24 сағат бойы осы орында, осы жұмысы орнында өзінің мекен-жайында тұрады.

Өңірде 200-ден аса учаскелік полиция инспекторы қызмет етеді. Осындай пунктер олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.   

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев