Балтық теңізінде АҚШ пен Дания әскери жаттығу өткізді

Балтық теңізінде Америка мен Еуропаның бірлескен әскери оқу - жаттығуы өтті.

Тактикалық іс - шаралар Борнхольм аралында ұйымдастырылған. Әскерилер даниялық F-16 жойқыш ұшағымен үлкен қашықтықтағы реактивті артиллериялық жүйені тасымалдау әрекеттерін пысықтады. Шараға Дания Корольдік флотының әскери кемесі мен 300-ге жуық қарулы күші тартылды.

Стивен Маранян, АҚШ әскерінің генерал-майоры:

- НАТО тек қорғаныс альянсы. Ол ешқашан шабуылдамайды. Бұндай оқу-жаттығулар бірлесе жұмыс істеу арқылы ұжымдық қорғаныс әрекетін қалай жүзеге асыратынымызды айқын көрсетеді.   

Ресей әскери оқу-жаттығуды сынға алды

Ресей тарапы бұл оқу-жаттығуды "саяси демонстрация" деп сынады.

Даниядағы Ресей елшісі Владимир Барбиннің айтуынша, Копенгагеннің бұл әрекеті аймақтағы жағдайды шиеленістіре түсірмек. Ал жақында Сергей Шойгу де Батыс әскери өңірде жыл соңына дейін 12 әскери бөлімше мен дивизия құрылуы мүмкін деп қауіптенген болатын.

Сондай-ақ...