СҚО-да кірпіш зауыты ашылды

Отандық өнім ішкі нарықтың үштен бір бөлігін қамтымақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша Подгорное ауылындағы кәсіпорында жылына 40 млн қыш шығарылады. Жоба құны – 1,8 млрд теңге. Оның жартысына жуығы төмен пайыздық несие есебінен алынды. Қазір зауытта 80 адам жұмыс істейді. Күзге қарай тағы бір желі іске қосылып, өндіріс қуаты екі есе артады.

Нұржан Садықов, кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл өңірдегі кірпіш шығаратын жалғыз зауыт. Қазір облыс бойынша құрылыс қарқыны артып келеді. Кәсіпорынның қалаға жақын орналасуы өнімнің бағасына да оң әсер етеді әрі тез тасымалданады.