470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алакөлдің түбінен темір-терсек шықты

  • 111
  • UPD: 20:04, 25.05.2022

Алакөлдің табанынан 1 центнерге жуық темір-терсек табылды. Бөтелкелер мен балықшылардың торы да шықты.

Туристік маусым алдында көлді сүзіп шыққан сүңгуірлер бір күннің ішінде осынша  қалдық тапты. Суды толық тазалап шығу үшін 3 күн қажет. Жыл сайын миллиондаған адам демалатын бұл жердің жазғы маусымына дайын болуы керек. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері осында орналасқан 207 демалыс базасының иесімен бірлесіп қауырт жұмысқа кірісті. Төрт шақырымға жуық жағалау да ерекше назарға алынады.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

– Көлдің төбі күл-қоқысқа толып жатыр. Біздің мамандар соның барлығын тиянақты түрде тазалаумен жүр. Өйткені бұл заттар демалушылардың денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіреді. Дегенмен осы керексіз қалдықтар су астында өздігінен пайда болған жоқ қой. Сондықтан әрбір азамат осы жердің тазалығына, қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы