Алғабас - Күршім бағытындағы жолдың сапасын арнайы мамандар тексереді

Шығыс Қазақстан облысында Алғабас - Күршім бағытындағы 10 шақырым жолдың сапасын енді арнайы мамандар тексереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

100 миллион теңгеден астам қаражатқа салынған жолдың 1,5 жыл ішінде тас-талқаны шыққанын арнамыздан көрсеткен едік. Ауыл тұрғындары қыруар ақша жұмсалған істің сапасына наразы. Күршім аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөнделген жолдың 3 шақырымы ғана тозғанын айтады. Дәл осы 3 шақырымды мердігер компания өз есебінен жөндегендіктен, осындай мәселе туындапты. Мәселенің мән-жайын жол активтері ұлттық сапа орталығының қызметкерлері тексереді.

Айдос Қабылбаев, ШҚО жол активтері ұлттық сапа орталығының инженері:

- Тек қана бұзылған 3 шақырым емес, салынған 10 шақырымды толық қарап өтеді. Толық мән жайды анықтайды. Кепілде тұр ма, жоқ па, қашан салынды, қанша уақыты қалды, егер кепілде тұрған жағдайда болса, мердігер ұйымға хат жазылады бұл ақауларды толық жою үшін.

Сондай-ақ...