Жастар өзгерісті қолдайды – Нұржан Жетпісбаев

Әрі еліміздегі саяси реформаларға бей-жай қарамайды. «Amanat» партиясы жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев осылай дейді.

Бүгін елордада жастармен кездесуде референдумның негізгі мақсат-міндеттері айтылды. Жастар қанаты тек бас қалада емес, еліміздің әр өңірінде конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясы жастар қанатының төрағасы:

- Бұл азаматтар еліміздің тарихында алғаш рет референдумға қатысқалы отыр. Жастар осындай кездесулерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де ақпарат алады, яғни 80 пайыз осы желілерден ақпарат алады десем болады. Жаңа форматты қолдана отырып, жастарға дұрыс түсіндіру қажет.