БЛИЦ:
- Жастардың шетелге оқуға барғанын қолдаймын. Қанша дегенмен білім деңгейі жоғары. Ал сол жақта білім алып, қайтып келмей қалуын қолдамаймын.
- Көбі кетеді де, қайтып оралмайды. Ал оларды не үшін жіберіп жатырмыз. Елді көтеру үшін, мемлекет пен халықты көтеру үшін. Сол себепті осыған саясат керек. Біздің уақытта білім басқаша болды, ал қазір өзіңізге белгілі, Қазақстанда білім деңгейі мәз емес, оның жасыратын түгі жоқ.
- Өзіміздің Қазақстанда да бар ғой. Шетелге шығу керек деп ойламаймын.
- Шетелден білім алғандары дұрыс қой. Қанша дегенмен әлемге аты шулы оқу орындары бар. Оқығаны дұрыс. Одан кейін өзіміздің елге қайтып келіп, Қазақстанда еңбек еткені дұрыс.
- Әркімнің өз пікірі бар ғой. Бірақ өзім Қазақстанда қалар едім.
