Аграрлы өлке шаруаларының айтары бар 

Асхат Оралов Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларын референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге сапары барысында партияның атқарушы хатшысы Мағжан Жұмабаев ауданының сүт-тауар фермасында жиын өткізді. Одан кейін өңірдің зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен жүздесті. Кездесуге қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты жалпыхалықтық дауыс беру «Жаңа Қазақстанды» құруда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.