470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ДДСҰ басшысы Қазақстан бастамаларын қолдады

  • 94
  • UPD: 23:58, 25.05.2022

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Гебрейесус алғашқы медициналық санитарлық жәрдемді дамыту бойынша Қазақстан бастамаларына қолдау білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен өткен кездесуде белгілі болды. Ұйым басшысының мәлімдеуінше, пандемиялардың алдын алу мен оларға әсер ету ісінде алғашқы медициналық санитарлық жәрдемге басымдық берулі керек. Министр Тедрос Гебрейесусті қызметіне екінші мерзімге сайлануымен құттықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 75-сессиясында Ажар Ғиният қазақ тілінде халықаралық қауымдастыққа үндеу жасап, Қазақстанның тұрақты даму мақсатына жетуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы