Медиа мектеп түлектеріне сертификат табысталды

Қазақстан телерадиокорпорациясы ұйымдастырған медиа мектеп түлектеріне сертификат табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас мамандарға 6 ай бойы тегін білім алуға мүмкіндік берілді. Журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті түрлі практикалық курстардан өтті. Корпорация басшылығы медиа мектепті бітіргендер арасында іріктеу жүргізіп, бірнеше түлекті жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Біразы кадрлық резерв тізіміне енді.

Әлия Түгелбай, медиа мектеп түлегі:

- Алты ай бойы түрлі мамандардан тәлім алдық. Білмейтін барлық ақпаратты ала алдық. Бұрын соңды жұмысқа тұру қиын болды. Ал қазір Қазақстан арнасының «1001 түн» бағдарламасында істеймін.

Сондай-ақ...