Маңғыстауда мектеп бітіруші 89 түлек жауапқа тартылды

Айта кетейік, Маңғыстау облысында өткен тәулікте мектеп бітірушілерге қатысты 119 хаттама толтырылды.

Полицейлердің айтуынша, кортеждегі көліктердің терезесінен шыққан түлектер жол қозғалысына қауіп төндіреді. Ең сорақысы, жүргізуші куәлігі жоқ 16 жеткіншек автокөлік тізгіндеген.

Құқық қорғаушылар әлеуметтік желіге таралған бейнежазбаларды қарап, қоғамдық орында тәртіп бұзған жастарды әкімшілік жауапқа тартқан. 35 көлік айыптұраққа жабылды.

Айта кетсек, шалғай өңірде 25 мамыр күні 350-ден астам полиция қызметкері көше қауіпсіздігін бақылауға шыққан.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Түлектер жасаған құқық бұзушылықтың басым көпшілігі көлік терезесінен басын шығарып, өз өміріне қауіп төндіру болды. Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодексінің 593-бабы 2-бөлігімен барлығы 55 әкімшілік хаттама жасақталды.