loader


Елімізде Hyundai автокөлігіне сұраныс артты

Елімізде Hyundai  автокөлігіне сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 27, 33%-ке көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені мамандар брендтың басым бөлігі қолма-қол есеп айырысу арқылы сатылғандықтан көлік бағасы қалтаға қолайлы екенін байқаған. Сондықтан «Hyundai Trans Kazakhstan» зауыты толық қуатында жұмыс істеуге  көшті. Өндіріс орнында клиенттің қалауы бойынша автокөліктің түсі таңдалып, жабдықтары жиналады. 

Гүлнәр Ахментаева, «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытының өкілі:

Біз автокөліктерді жоғарғы технологиялық заманауи жабдықтармен шығарамыз. Бұл көліктің сапасының кепілі. Биылғы жылы зауытымыз толық қуатында жұмыс істейді және шілдеден бастап, екі есе көп автокөліктер шығаратын боламыз. Бұл ай сайын 4 мың автокөлік. 

Осылайша Шымкентке елімізде шығарылған жаңа жеңіл көліктер жеткізілді. Зауытта дайындалған темір тұлпар әуелі «Хендэ Отырар» дилерлік автоорталығына қойылды. Мұнда жаңа көлікке жеңілдетілген процентпен несие рәсімдеу үшін кезекке тұрған клиент көп. Жаңа бағдарлама арқылы отандық автокөлікке алғашқылардың бірі болып - Жайна Айғожа қол жеткізді. 

Жайна Айғожа, қала тұрғыны: 

Орталыққа келіп, акцент алуға шешім қабылдадық. Сенімді және де қолжетімді баға. Жанұямыздың қалтасына дұрысы осы машина болды. Енді машинаны алдық 4%-пен. Өте қуаныштымыз. Осы машина бүкіл қазақ халқына жұғысты болсын! 

Айта кетейік, «Hyundai Trans Kazakhstan» көліктері сапасы мен технологиясы жағынан халықаралық стандартқа жауап береді. Сондықтан зауыттағы ұсақ түйінді өндіріс бөлімі дәнекерлеу, сырлау, құрау сияқты жұмыстарды сапалы атқаруға мүмкіндік береді. Сервистік қызмет көрсету саласында клиентпен кері байланыс үшін 7007 колл орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. 

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов

 

Сондай-ақ...