Жамбыл облысында инвестор ескірген шипажайды жөндеп берді

40 жыл бойы жөндеу көрмеген «Көктал» шипажайы қайта жаңғырды. Жөндеу жұмыстарын Қазфосфат компаниясы жүзеге асырды6 деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде көбінесе химия өндірісінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар демалады. Компания қызметшілеріне мұнда 90% жеңілдік қарастырылған.

Жеңіс Сәдуақасов, Қазфосфат компаниясының жұмысшысы:

Бұрынғымен салыстырғанда әлде қайда керемет. Бұрын ескі етін. Мынадай заттар мүлдем жоқтың қасы етін. Барлығын жаңадан орнатқан. Өте қуаныштымыз. Жұмысшылар үшін бар жағдай жасалған.

Бұл іске 370 млн теңге инвестиция салынды. Соның арқасында емдеу блогынан бастап, демалатын үйшіктер, асхана, аула түгел жөнделді. Озық үлгідегі медициналық аппараттар алынып қызмет көрсету сапасы едәуір артты.

Жанерке Ахметжанова, «Көктал» шипажайының бас дәрігері:

Мысалы бізде өкпені тазалайтын процедуралар бар. Мысалы тұз шахтасы дейді. Сол үшін де келіп жатады. Шөп дәрімен тыныс жолы тазаланады. Дәл сол қызметкерлердің кәсіби дейді ғой. Сол ауруларды емдейтін жағдай жасалынған.

Дәргерлер лаймен, сумен, парафинмен де емдейді. Оған сұраныс жыл санап артып келушілер көбейіп келеді.

Талғат Мамаев, облыс әкімінің орынбасары:

Жөндеудің алдында бір кезеңде 60 адам демалатын болса бүгінгі таңда бірден  120 адам осы жерде дем алып осы жерде емделеді. Ол жылына 3 мың адамдай демалуға мүмкіндігі болады.

Қазфосфат компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында лагерь, саябақ ашу сияқты істерге ден қойып отыр. Әсіресе, Жаңатас пен Қаратаудағы бос тұрған тұрғын үйлерді жөндеп қызметкерлерді баспанамен қамтуға ерекше басымдық беріп келеді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә