Отандық спортшылар саяси науқанға қатысты пікір білдірді

Отандық спортшылар да алдағы саяси науқанға қатысты ой бөлісіп, пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің басты құжатына өзгерістер енгізу спорттың да дамуына оң әсер етеді. Қазақстан спорт қоғамдастығының өкілдері осындай пікір білдірді. Кездесуде Серік Сәпиев референдумның маңыздылығын атап өтті.

Серік Сәпиев, Ұлттық олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары:

Біз елімізді дамыту үшін дер кезінде шаралар қабылдауымыз керек. Референдумға барып, дауыс беруді қажет деп санаймын. Мен партия мүшесі ретінде еліміздің барша спорт қауымын жинап, азаматтарымызды референдумға баруға және өз таңдауын жасауға шақырамын. Жаңа Қазақстанды құруда азаматтық ұстанымын көрсетудің маңыздылығын еске салғым келеді.