Қазақстанда 150-ге жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

28 мамырдағы мәлімет бойынша ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 150-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлады Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Індеттен 149 адам (–96+ және 53 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 50 пациент стационарда, 99 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом алып жатыр.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.