Қазақстандықтар темекіден бас тартып жатыр

Елімізде темекіге бақылау күшейтілмек, сондай-ақ темекі шегу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық заңнама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі конвенциясына сәйкестендіріледі. Тараптар ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов пен хатшылық басшысы Адриана Бланко Маркизомен кездесуінде айтылды. Үкімет басшысы Ұлттық заңнама нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы артқанын мәлімдеді.