loader


KIOSH-2022: еңбек қауіпсіздігі мәдениеті халықаралық көрмесі өтті – елорда

«Жаңа Қазақстанға – нөлдік жарақатпен». «KIOSH-2022» оныншы халықаралық көрмесіне қатысушылар еңбекті қорғау және өнеркәсіптегі қауіпсіздік саласының соңғы инновациялық жетістіктерін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға Қазақстан мен Ресейдің 30-дан астам компаниясы атсалысты. Ал «АрселорМиттал Теміртау» алғаш рет конференцияның алтын серіктесі ретінде қатысты. Еліміздің ірі металлургиялық алыбы Т.Күзембаев атындағы және өзге шахталарда енгізілген инновациялық технологиялар павильонын ұсынды.

«KIOSH-2022» – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету және тәжірибе алмасуға арналған Қазақстандағы жалғыз диалог алаңы. Биыл 10-шы мерейтойлық көрмеге 35 шетелдік және отандық компания өкілдерін жинады.

Игорь Федосеев, «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік басқармасының директоры:

Менің ойымша, диалог жақсы. Пандемиядан кейін біз алғаш рет кездесіп, қызу жұмысты талқыладық. Адаммен жұмыс жасау, ескірген машиналар мен механизмдерді ауыстыру және медициналық қызметімізбен жұмыс жасау. Кәсіпорында біз бұл жұмысты өндірістік кеңестер бойынша, стандарттар бойынша орындаймыз.

Көрмеде «АрселорМиттал Теміртау» өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзінің инновациялық тың жұмыстарын ұсынды. Әсіресе жеке қорғаныс құралдарына ерекше назар аударылғанды байқалады. Ал металлургиялық комбинаттың шахталарында енгізілген соңғы жаңалық жерасты позициялау жүйесі деп аталады. Мамандардың айтуынша, радиобайланыс пен бейнебақылау көмегімен тау-кен жұмыстарының барысын нақты уақыт кезеңінде бақылауға болады.

Сергей Игнатов, Т.Күзембаев атындағы шахтаның механигі:

– Қазір біз шахтада не болып жатқанын нақты уақыт аралығын көрсететін экранда бейнебақылауды көріп отырмыз. Персоналдың орналасқан жерін дер кезінде қадағалап отыру, төтенше жағдай кезінде ескерту сигналын дер кезінде беру үшін позициялау жүйесі орнатылды.

Шахтада қолданатын әмбебап виртуалды шындық жүйесі қазір заман талабына сай дерсің. Бұл маманды жер астында бақылауға және тау-кен жұмыстарының барысын көруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында «АрселорМиттал Теміртау» өндірістік жарақаттану деңгейін 15 процентке төмендетуге қол жеткізді.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Сондай-ақ...