Павлодар облысында жеті жасар жеткіншек ракты жеңіп шықты

Ішектің қатерлі ісігі ерте  анықталып, ем-шара дер кезінде басталған. Операция кезінде павлодарлық дәрігерлер алматылық онкологтармен кеңесіп отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, операция екі сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Кішкентай науқас химитерапияның бес курсынан өтті. Кезекті медициналық тексеріс кезінде ісік белгілері байқалмаған, жағдайы тұрақты.  Әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. Бала биыл мектеп табалдырығын аттауға дайындалып жатыр. Айта кетейік, облыс бойынша диспансерлік есепте 100-ге жуық жасөспірім тұр.

Ерлан Рамазанов, балалар хирургі:

- Операциядан соң ішектің қатерлі ісігі анықталды.  Онкологтармен шұғыл кеңес өткізіп, емдеу тактикасын белгіледік. Операциядан соң ұзақмерзімді ем-дом шаралары жүргізілді. Баланың жағдайы тұрақталды. Ремиссия барысында әріптестеріміздің жіті бақылауында болады. 

Ольга Ким, облыстың штаттан тыс балалар онкогематологы:

- Хирургиялық кезең аяқталған соң науқас республикалық Ана мен бала орталығына жіберілді. Онда химиятерапия курсынан өтті. Пациент ем-дом шараларының барығын міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін алды. Медициналық тексеру мен сараптамалардың барлығы тегін.