Жасыл ел қозғалысының мүшелері балабақшаларды аралап, ағаш отырғызды

Елордада балалар күні қарсаңында мектеп оқушылары өнегелі іс тындырды. Акция биыл алғаш рет ұйымдастырылғанымен Жасыл ел бағдарламасы 18 жыл қатарынан белсенді іс атқарып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамға пайдасы тиерлік шаралар ұйымдастырып, жастар бір ұйым аясында ұйысты. Олар Асыл балабақшасындағы сәбилермен бірге тал егіп, бір күнді мәнді өткізді. Ұрпаққа малдан гөрі, тал тарту тағылымды іс екенін акция қатысушылары балабақша тәрбиеленушілеріне ұлағаттады. Оларды күтіп-баптау ісін жас ұрпаққа аманат етті.

Мадина Сүлейменова, қалалық Білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы:

Талды егу балабақшадан басталатынын көрсету мақсатында жәнеде балабақшаларға кішкентай тәрбиеленушілерімізге тал қалай егіледі, оның саясында қалай демалуға болады деген мақсатта мінекей тал ектіріп жатырмыз.