Ата Заңымызға өзгеріс енгізу жастар арасында қызығушылық туғызды

Бүгін Қазақ мемлекеттік заң университетінің студенттері жиналып, бұл жаңашылдықтар еліміздің әрі қарай дамуына қалай әсер ететіні жайлы әңгіме қозғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен Қазақстанда Парламент институтының күшеюі және халықтың депутаттарды сайлауы туралы реформалар жастардың көңілінен шығып отыр. Студенттер осы орайда Конституцияға өзгеріс енгізу заманның талабы екенін ерекше атап өтті.

Бекмұхамед Жәукебаев, ҚАЗМЗУ студенттер департаментінің маманы:

Қазіргі ХХІ ғасырда уақыт деген өте тез ауысып өзгеріп жатыр. Бір апта, бір жыл бұрын актуалды болып жатқан тақырыптар қазіргі кезде жоқ болып жатыр. Бірақ ХХІ ғасырда экологиялық проблема, тағы басқа проблема, глобализация дейді.