Референдум қоғамдық келісімнің мән-мағынасын арттырады – сарапшы

Қанша тұрақты болғанымен, мемлекетті шайқалту – бір сәттік іс. Кешегі қаңтар оқиғасы осының жарқын мысалы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзге елдердің тәжәрибесін саралай отырып, тұрақтылықты сақтауда әр ел өзінің сара жолын ұстануға тиіс. Осы ретте, Қазақстанның демократиялық құқықтық қағидалары қалыптасқан мемлекетті құру жолында конституцияға елеулі өзгерістер енгізуі құптарлық. Бұл жөнінде Астана Халықаралық университетінің «ZER Club» сарапшылар клубы ұйымдастырған конференцияда айтылды. Ел тағдырына әсер етер нормаларға халықтың дауыс беруі Президенттің халық пікіріне құлақ асатынын аңғартады. Варшава университетінің профессоры осылай дейді.

Жасек Залесни, заң ғылымдарының профессоры, Варшава университеті:

– Конституциядағы өзгерістерді референдум арқылы бекіту заң әрі құқық тұрғысынан дұрыс қадам саналады. Бұл да қоғамдық келісімнің мән-мағынасын арттырады. Сонымен қатар Ата Заңдағы өзгерістерді мызғымастай етуден бөлек, конституциялық қатынастың тұрақтылығы мен қоғамдық тәртіпке кепіл бере алады. Бұл өз кезегінде экономикалық, қоғамдық, мәдени қатынастарды бекемдей түседі.