Отандық ғалымдар қуғын-сүргінге қатысты құпия құжаттарды жариялады

Елде саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай көмген 82 орын табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жамбыл облысында 3 жерлеу картасы жасалды. Бұл туралы елордалық университетте өткен кездесуде Премьер-министрдің орынбасары мәлімдеді. Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл орындарды арнайы мемлекеттік комиссия анықтаған. Комиссия мүшелері мұрағаттарды ақтарып, 31 мыңға жуық құжат жинапты. Қазір арнайы мұрағаттарда 1937-1938 жылдардағы құжаттар бойынша 2523 мұрағаттық іс құпиясыздандырылған.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрдің орынбасары:

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Міне, екі жылдан аса мына комиссия біраз жұмыс жасады. 30-дан аса ғылыми экспедициялар Қазақстан бойынша, шетелдер бойынша мына көптеген архивтер біздің көрші мемлекеттерде де бар. Ресейдің өзінде, Өзбекстаның өзінде, Еуропа мемлекеттерінде көптеген ғылыми құжаттар солардың бәрі, мұрағаттардың әрі болғаннан кейін терең оны зерттеу үшін, терең оны анықтау үшін сөз жоқ. Сонда мына экспедиция ұйымдастыруға тура келді. Отыз бір мыңға жуық арихивтік құжаттарды зерттеп біздің ғалымдарымыз қарастырды.