476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жастар және референдум. Нұр-Сұлтанда оқыту семинары өтті

  • 209
  • UPD: 21:29, 31.05.2022

Елдің келешегі жастардың қолында. Ал Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау – маңызды қадам, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыны жастарға түсіндіру үшін арнайы семинар өтті. Оған республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының басшылары мен белсенді студенттер қатысты. Өзара көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жанар Қалиқанқызы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығының басшысы:

– Сайлаушылардың жалпы референдумға қатысатын саны 12 млн-нан асады деп айтуға болады. Соның ішінде жастарымыз 4-тен бір бөлігін құрайды. Сол себептен жастарымызды белсенді қатысу үшгін түсіндірмелі-оқыту семинар өткізіп жатырмыз. Конституцияға қандай өзгеріс енгізіледі? Жастардың өзіне қандай маңызды жағын түсіндіреміз.

Хабар 24 телеарнасы