loader

Қарағандыда балалар күніне орай екі бірдей отбасы баспаналы болды

Қарағандыда балалар күніне орай екі бірдей отбасы баспаналы болды

Мүгедек бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған ата-аналар ұзақ жыл бойы әр босағаны паналап, пәтер жалдап келген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді әрқайсының жеке шаңырағы болады. Қоныстой иелеріне 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілті салтанатты жағдайда тапсырылды. Бұл күні сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 80-нен астам балаға түрлі базарлық үлестірілді. Аниматорлар да ойын ойнатып, бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

Әлібек Сақипов, қала тұрғыны:

Аллаға шүкір 5 балам бар. Әйелімнің аяғы ауыр алтыншыға. Біраз үй аралап жүрдік ше. Қалада тұрдық жалдап, мешітте тұрдық. Сөйтіп жүрдік. Кезекке тұрдық. Одан күтіп-күтіп болмады. Көмектесіп жатыр Аллаға шүкір. Үш бөлмелі пәтер алып жатырмыз.

 

Сондай-ақ...