Қазақты қынадай қырған нәубет жылдар тізбегі

1921-1922 жылдары қазақ елі алапат аштықты бастан өткерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл жайлы күні бүгінге дейін айтылмай келді. Айтылса да көп дерек бұрмаланып, құжаттар құпия сақталды. Октябрь революциясы кезінде ақтың да, қызылдың да құқайын көріп, талай мал-жанынан айырылған халыққа бұл үлкен соққы болды. Деректер әлі де аз. Сол аштыққа биыл – 100 жыл. Одан кейін 10 жыл өтер-өтпесте тігерге тұяғы қалмаған жұрт 32-нің аштығында тіптен баудай түсті. 90 жыл бұрынғы бұл зобалаңда аштан қырылған адам саны 4 миллионан асады. Бұл сол кездегі қазақтың жартысынан көбі еді. Ал осы шұбырындыдан соң 5 жыл дегенде қазақтың маңдайалды арыстары атылып кетті. Бүгін ел сол зұлмат пен нәубетте жоғалған бабасын жоқтап жатыр.