Ғалымдар саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жинақты таныстырды

Бүгін елордада саяси қуғын-сүргін ауқымын зерттеуге арналған мақалалар жинағы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Электронды форматағы еңбекті әзірлеуге 7 мемлекеттің ғалымдары қатысты. 230 беттен тұратын кітап еліміздің барлық кітапханасы мен жоғары оқу орындарына таратылды. Тағы бір айта кетерлігі, ғалымдар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 3 тілдегі тезаурус сөздігін шығарды.

Бибігүл Бөлегенова Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

7 мемлекеттен баяндамалар берілген. РФ, Австралия, Қытай, Польша елдерінің ғалымдары өз баяндамаларын ұсынды. Баяндамалардың барлығы саяси қуғын сүргінге, ашаршылық құрбандарына арналған баяндамалар болды. Ол жерде ізбасарлары келіп, өзінің ата-бабаларының қалай ізденіс жүргізіп жатыр, қалай зерттеп жатыр, олар бірнеше мемлекетті аралап, өзінің ата-бабабалы жайлы мәлімет жинады.