Fly Arystan Ереванға әуе рейсін іске қосты

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап Алматы – Ереван бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) Арменияға тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр. Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А320 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.