Балалар жылында қандай іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр

Мәдениет және спорт министрлігі «Балалар жылын» өткізу аясында барлық тапсырмалар мен міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Барлық іс-шаралар сапалы және қолжетімді білім беруді, толыққанды шығармашылық дамуды қамтамасыз етуге, балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Министр жалпы мәдениет саласында 1 миллионнан астам баланы қамтитын ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Мысалы, «Ұлағатты ұрпақ», «Оқушының мәдени нормативі» сияқты жобалар, «Дана бала» балалар әдебиетінің веб-сайты іске қосылды (www.danabala.kz), ол қазақстандық авторлардың 100-ден астам толықмәтінді кітаптарына толықтырылған. Жыл соңына дейін оған 5000-нан астам кітап орналастырылады. Сондай-ақ, «Таланттар біздің арамызда» республикалық балалар шығармашылығының фестиваль-көрмесі, «Әжемнің ертегілері» онлайн-жобасы іске асырылуда, «Мейірім» балалар шығармашылығының инклюзивті мұражай фестивалі өткізілді.

Сонымен қатар 1 маусымға дейін қабылданған бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

«Біз халық арасында, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеміз. Соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ерекше қамтылып отыр», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Мектеп жасындағы жалпы оқушылардың (3,4 млн оқушы) 2 млн-ы (61,4%) дене шынықтырумен, спортпен қамтылған. Министрдің айтуынша республикамызда балалар мен жасөспірімдердің 652 клубы және 138 дене шынықтыру клубы бар, ондағы балалар мен жасөспірімдердің саны – 200 мыңнан асады.

«Бұл бағытта да бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» атты бағдарлама жұмыс істеп тұр. Аталған бағдарлама 20 мыңнан аса адамды қамтиды. 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп лигасы ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама мектеп жасындағы 2,7 млн-нан астам баланы қамтыды», - деп жалғастырды министр.

Сондай-ақ, жергілікті атқару органдарымен бірігіп спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесі әзірленді. Ол 113 жаңа нысан салу, 21 нысанды жетілдіру және 6 ірі нысанды қосымша жабдықтаудан тұрады.

«Азаматтарымыздың демалысқа жұмсайтын шығынын азайту және ішкі туризмді насихаттау мақсатында Kids Go Free – балалар әуе билетін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы күшіне енді. Балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді дамыту мен насихаттау бойынша жұмыстар жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүргізілуде», - деп атап өтті министр.

Мысалы, Алматы облысында 300 баланы қамтитын, тау және жаяу жүру туризміне арналған «Жоңғария» республикалық туриадасын өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ биыл шілде айында Ақмола облысында Ресей Федерациясының этникалық қазақтарынан тұратын 250-ден аса мектеп оқушысына арналған «Айналайын, Атамекен!» турын өткізу жоспарланған.

Жаз айларында балалар археологиясы бойынша жобалар, «Ауылдағы апта», Summer school әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылып, 2000-ға жуық баланы қамту көзделіп отыр.