Биыл балалар денсаулығын сақтауға бөлінген қаражат көлемі 54%-ке өсті

Бұл мақсатқа шамамен 17 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, мектеп медицинасын қаржыландыру үшін 27,5 млрд теңге қарастырылған. Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Ажар Ғинаят жыл соңына дейін  17 ерте араласу орталығы ашылатынын жеткізді. Нәтижесінде жаңа туған шақалақтан бастап, 3 жасқа дейінгі аралықтағы 10 мыңға дейін баланың ем қабылдауына мүмкіндік туады. Сондай-ақ министр маймыл шешек ауруына қатысты пікір білдірді. Індет кең тараған Африка сынды мемлекеттерге саяхатты уақытша тоқтата тұру қажеттігін ескертті.

Ажар Ғинаят, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біздер ең бірінші білесіздер мына келгенде, аэропорттан әрбір адамды термометр арқылы қарсы аламыз Егер қызуы болса дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізеді. Онда бөлек тұрған бокстар, арнаулы орындар дайын тұр.    Бұл аурудың дененің қызуы, әлсіздік тағы да бас ауры секілді симптомдары бар. Бұл аурудың тағы бір белгісі – денеге қызарып бөртпе шығады. Егер сондай белгілер байқалса, онда тез арада оқшауланып, емханалардың дәрігерлерін шақырып ем қабылдауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ...