Алматы облысында жайылымдық жер тапшы

Кегендік Нұрым Нүптекеевтің негізгі мамандығы филолог. Бірақ өзі ата кәсіп – мал шаруашылығымен айналысуды жөн көрген. Бүгінде оның 70 сиыр, 120 жылқы, 1100 бастай қойы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл таулы өлкеде өткен жылы қатты қуаңшылық болып, жерге шөп шықпады. Шаруа өзінің 60 гектар шабындығынан 60-ақ руллон шөп жинаған. «Сол себепті 3,5 миллион теңгеге шөп сатып алып, малды қыстан әзер аман алып шықтым», - дейді ол.    

Нұрым Нүптекеев, шаруа:

Алпауыт компания. Тасашы селолық округі деген біздің жеріміз кіретін жерлер. Соның 90 процентін сол компанияға бере салды ешқандай конкурссыз. Тура мараторий кезінде осылар алды да, қоршап алды.

Мұнда жайылымдық жер тапшылығын айтып еңірегенде, етегі жасқа толып отырған ауылдар аз емес. Соның бірі Тасашы ауылдық округі.

Құрманғазы Әшімбаев, ауыл тұрғыны:

Жылқы шығаратын жер жоқ. Қыста жейтін жерді жазда жеп алады да, биыл малдың бәрі қырылды.

Салтанат Алмабекова, ауыл тұрғыны:

Көбінесе осы жерден қыжалат көріп жатырмыз. Айналдырған 5-6 малдың бетіне қарап отырмыз. Ана жақтан, СКЛ. мына жақтан қоршап алғандар қуады.

Мақсат Сәліпжанов, ауыл тұрғыны:

Сазда сиыр жайылады. Ал енді қойымыз, осы ауылда үш көше бағамыз. Міне, бірінші көше мына жақта жүр. Оның арғы жағын тағы сатып алды. СКЛ. Біз сонда қайтіп жан бағамыз?

Ардақ Айбарұлы, тілші:

Өткен жылы ауыл тұрғындарының айтуынша, бір ғана Тасашы ауылдық округінде 500 басқа жуық мал шығын болған. Жағдайы барлары малдарын көршілес аудандарға апарып, СКЛ. 5661 қыстатып қайтуға мәжбүр болды. Қалғандары Бақанастан жем-шөп сатып алды.

Бағдат Шыңғысова, ауыл тұрғыны:

Биыл қыстан әрең шықтық. Шөп жоқ. 1 млн. 200 мыңға өзім шөп сатып алдым. Сөйтіп қысылып-қымтырылып шықтық. Бізге жер керек халыққа!

Аудан бойынша биыл жалпы саны 3 мың басқа жуық мал шығын болды. Негізінен тау бөктерінде орналасқан, қар қалың түсетін ауылдар қатты қиналды. Наурыз айында аудан әкімінің 7075 гектар жерді ірі және ұсақ шаруашылықтардан кері қайтарып алу туралы қаулысы шыққан.

Дастан Құдабаев, Кеген ауданы әкімінің орынбасары:

 «Казмясоның» жері бар 3750 га. Одан бөлек тағы да үлкен-үлкен «Агротурдың» 1 мың га. жайылымдық жері бар. Мал бордақылау алаңының 600 га. жері бар. Одан бөлек осы елді мекендерге тиіп тұрған ұсақ шаруа қожалықтарының жерінен 300 гектардан, 100 гектардан сол жерлердің жалпы көлемі 7075 гектарды құрайды. Соны қайтартып алуға біз жұмыстарды бастадық. 

«Қайтарылған жерлер халық игілігіне беріледі. Алайда бұл бір күнде біте салатын шаруа емес. Сондықтан біз аудандағы мал және орман шаруашылықтарымен, ұлттық парктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ауыл малын бағуға 50 мың гектардан астам жерді белгілеп бердік. Жайылымдық жерге қатысты туындаған мәселелер болашақта шешімін табады», - деді аудан басшылары. Олардың айтуынша, Кеген ауданында қазір жалпы көлемі 325 мың га. жайылымдық жер бар...

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев