Ақтөбеде еңбектеген бөбектер жарысы өтті

Бүгінгі мерекеге орай ұйымдастырылған сайысқа алты айдан бір жарым жасқа дейінгі сәбилер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ережеге сай бөбектер 10 метр қашықтықты еңбектеп еңсеруге тиіс. Байқауда 50 баланың ата-анасы бақ сынауға ниет білдірген. Мәреге жеткендері де, ойыншыққа алаңдап орта жолдан отыра қалған бөбектерге де естелік сыйлық бар. Ал, өзгелерден озып, жүлделі орын иемденген 3 балаға алпыс мыңнан жүз мың теңгеге дейін қаржылай сый табысталды. Сондай-ақ 3 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында үш дөңгелекті велосипед жарысы өтті.

Рахима Мұхтарова, қала тұрғыны:

Биыл бізде, Ақтөбеде бірінші рет ұйымдастырылып жатқанына. Балалар жылына өте керемет жарыс. Мотивация бұл балаларға деген. Үшінші айналымға шықтық. Алдында, бірінші келе жатыр еді. Ортасына жеткесін жатып алды. Соңына жете алмай қалдық. Қуаныштымыз қатысқанымызға.