Б.Сұлтанов: Қант қоры жеткілікті

Б.Сұлтанов: Қант қоры жеткілікті

Кішкентайлар тәттісіз қалмайды. Қазір елде қанттың 1,5-2 айға жететін қоры бар. Сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп сендірді. Алайда өнімнің 70 пайызы елге шетелден жеткізілетіндіктен, шарықтаған бағаны түсіру мүмкін емес. Бұрын Ресейден әкелінетін өнім қазір, Үндістан мен Бразилиядан тасымалданады. Жол шығынын қосқанда 1 келі қанттың көтерме бағасы 450 теңгеге шығады. Алайда – сауда орталықтарына жеткенше  600 теңгеге дейін қымбаттап кетеді. Бірақ саудагерлер үстеме бағаны  15 пайыздан артық қоса алмайды. Бұл мәселе Үкіметтің жіті бақылауында дейді министр.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

Делдалдар осыны пайдаланып бағаны көтеріп отырса, біз онымен жұмыс істеп отырмыз. Антимонопольный органдар бар және де басқа да жергілікті атқарушы органдары бар. Құқық қорғау органдары бар солардың барлығымен бірігіп, дүкендер бағаны көтеруге жол бермес үшін жұмысты жүргіземіз біз.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Мың тонна қант қоры бар. 12 мың тонна жолда келе жатыр. Қазақстанның өңірлерінде ҚТЖ вагондарымен қазір таратылып жатыр. Одан басқа алатын болсақ 29 мың тонна қант құрағы да бар. Одан енді 1-2 айдың шінде қант өндірілетін болады. Өзіміздің қант зауыттарымыз маусым айында  44,8 мың тонна қантты өндіреді. Біз қанттың сұранысын алатын болсақ ай сайын 45 мың тоннадай қантқа сұранысқа ие болып отырады.

Ауыл шаруашылығы министрінің сөзіне сенсек, елде нан қымбаттамайды. Бидай мен ұнның қоры келесі егін жинау науқанына дейін жетеді. Аймақтарға әлеуметтік нан пісіру үшін арзан бағамен ұн жеткізіліп жатыр.