Референдум-2022: Өлім жазасына тыйым салынуы мүмкін

Референдум-2022: Өлім жазасына тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда 2021 жылы өлім жазасы алынып тасталғанымен, Конституцияда ерекше ауыр қылмыс жасағандар үшін заңмен белгіленеді деген бап бар. Енді бұл норма күшін жоюы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конституцияға енгізілетін өзгерістердің бірі осындай. Заң ғылымдарының докторы Өмірәлі Жалаиридің айтуынша, адамның өмірін қию халықтың немесе мемлекеттік органның қолында болмауға тиіс. Ауыр қылмыс жасағандарды өмір бойы асырап, мемлекеттің мойнына масыл қылмау үшін түрмелерде шағын кәсіпорындар ашып, елге пайдалы еңбекке тарту керек. Айта кетейік, өлім жазасына 2003 жылдан бері мораторий жарияланған еді. Ал 2021 жылы президенттің тапсырмасымен Қылмыстық кодекстен алынған..

Өмірәлі Жалаири, заң ғылымдарының докторы:

- Әйел, балалар тұрған жерде арнаулы тігін фабрикалары, сосын ерлерде де басқа да зауыт, фабрика соған бейімдесек онда ешқандай біз ұтылмаймыз. Өйткені, олар біздің бюджетімізден босқа тамақ іше бермеу керек қой, оларды да қолдануға болады.