ШҚО-да құтқарушы 40 баланы түрлі жағдайдан аман алып қалған

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейтін Арнат Қасенов 16 жылда 40 баланы құтқарыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жігітті балалардың нағыз қорғаушысы деуге болады. Құтқару операциялары әртүрлі жағдайда өткен. Балалардың бірін өртке оранған пәтерден, екіншісін үйінділер арасынан алып шыққан. Арнаттың ең соңғы құтқарған бүлдіршіні – темір шелекке қыстырылып қалған 4 жастағы Арлан. Құтқарушы бүгін онымен кездесіп, сыйлық тарту етті. Ата-анасының сөзіне құлақ асып, үйден алыс кетпеуге кеңес берді.

Арнат Қасенов, ШҚО ТЖД жедел жасағының аға құтқарушысы:

– Біз балалармен сөйлескенде әуелі оларды тыныштандыруға тырысамыз. Арланға «сен жігітсің ғой. Саған жылауға болмайды. Ер адам қиындықты көтере білу керек» деп жігерлендірдім.