Павлодарда белгісіз орденнің иесі табылды

Ертіс өңірінің тұрғыны Ұлы Отан соғысының екінші деңгейлі орденінің иесін іздеумен келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодарлық азаматқа бұл орденді танысы сегіз жыл бұрын табыстап кеткен екен. Сол кезден бері түрлі әскери органдарға хат жазып, мағлұмат іздеген. Дегенмен бірде-бір дерек табылмады. Сол себепті соғыс жәдігерін жергілікті іздестіру жасақтарының мүшелеріне көрсетіп, көмек сұраған. «Майдан жолы» жасағының өкілдері ауқымды іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Отан үшін отқа түскен жауынгердің есімін анықтады. Орден иесі 1942 жылы Башқұртстанның Төменгі Авзян ауылынан соғысқа аттанған Василий Кочетков болып шықты. Ендігі мақсат – майдангердің ұрпақтарын тауып, орденді тарту ету.

Юрий Баранов, қала тұрғыны:

Орденді танысым пәтерге көшіп келгенде тауып алыпты. Ескі жәшіктің ішінде жатқан. Қысқа тастауға дәтіміз бармады. Өкінішке орай, ешқандай ақпарат таппадым. Енді іздестіру жасақтарына тапсыруды ұйғардым. Орденнің иесін табуды парыз санаймын.

Асхат Мұқанов, «Майдан жолы» жасағы командирінің орынбасары

1985 жылдың алтыншы сәуіріндегі бұйрық бойынша Василий Кочетков осы орденмен марапатталған. Майдангер 1919 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Ақпаратты орденнің артындағы номер арқылы таптық. Мұрағаттық құжаттар ақтарылып, нәтижесінде жауынгердің есімін анықтадық. Енді азаматтың туыстарын іздейміз.