Халық референдумнан не күтеді – сауалнама

Арна тілшілері осы тақырыпта халықтың пікірін білді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Референдумға барасыз ба?

– Барамын.

– Қандай нәтиже күтесіз референдумнан?

– Мемлекетіміздің жақсы болуын күтемін. Халықтың ойлағанындай болсын деп ойлаймын. Жаңа мемлекет құрамыз деп отыр ғой, жүрегімізден шықса екен деп ойлаймын. Біз қашан оны күткелі.

– Арманымыз, Қазақстан жақсы болсын. Еліміз жақсы болсын.

– Барамыз, құдай қаласа.

– Қандай нәтиже күтесіз референдумнан?

– Одан енді, күтетін нәтиже, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жақсылық болсын, патшамызға сабырлық, елімізге тыныштық берсін. Мынау жастар өссін. Келешегі болсын жас балалардың.

– Жағдайын көрейік. Не болады? Референдум қалай өтеді?Біздің міндетіміз ғой.

– Енді бәрін өзіміз шешеміз деп, халықтың мүддесінде болады деп ойлаймын.