Тіл мәселесі ешқайда кетпейді – Заңгер

Елде тыныштық пен ауызбіршілік сақталған жағдайда ғана экономикалық және саяси түйткілдердің алдын алуға болады.

Әсіресе тіл мәселесі ешқайда кетпейді.

«Оған әлі ораламыз», - дейді заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай.

Профессордың айтуынша, алдағы референдум Жаңа Қазақстанға апарар жолдың тек бастамасы. Сондықтан халық белсенді болуға тиіс.

Серік Ақылбай, ҚР Заң консультанттары алқасының төрағасы:

- Біріншіден, саяси жүйені өзгерту керек болды. Үлкен-үлкен ауқымды істерді жасау керек. Тіл мәселесіне әлі де ораламыз. Ол ешқайда кетпейді. Біздің халқымыз қазіргі уақытта ұлтымыз мемлекетімізде 70 процент ғана. Соны еске алу керек. Алдағы уақытта әрине қазақ халқының балаларының саны да көбейіп жатыр. Мектептерде көрініп тұр соның бәрі. Ол болашақта болатын нәрсе міндетті түрде.